Білім

Облыстық олимпиада басталды

Кеше Ақтөбе қаласындағы №51 гимназия мен №56 мектепте жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиада басталды. Білім бәйгесінде өңірдегі 205 мектептің 936 оқушысы бақ сынайды. Олардың360-ы — ауыл балалары.

Олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық

бағыттағыжалпы 16 пән бойынша ұйымдастырылады.

Шараның мақсаты— оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, оқушының өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды iрiктеу.

Бастапқы екі күнде жарыс жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша өткізіледі. Әр бағыт 2 турдан тұрады.Олимпиаданың бірінші күні география, биология, физика, информатика, математика, химия пәндері бойынша жалпы 390бала сынға түсті, — дейді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Гүлжан Құлыбекова.

Наурыздың 28-29-ы күндері қоғамдық-гуманитарлық бағыттағыпәндер бойынша

олимпиада өтеді.

Олимпиаданы өткізуге қойылатын талаптарға сәйкес әрбір жалпы білім беретін пән бойынша әр қатысушы Oqylyq платформасына қосылуға мүмкіндік беретін веб-камерасы бар жеке компьютермен қамтылады. Әрбір қатысушыға жеке логин (пароль) және жауап парақтарының бланкілері беріледі. Логин (пароль) республика бойынша белгіленген бірыңғай уақытта онлайн платформада тапсырмалар алу үшін қолданылады. Әр қатысушыға арналған тапсырмалар жеке таңбаланған. Шараның әділ өтуі үшін бейнебақылау жүйесі орнатылады.

Тур аяқталғаннан кейін жауапты маман (ITмаман) көпфункциялы құрылғыға (МФУ) жауап бланкілерін сканерлейді. Бұдан соң оқушылардың жұмыстары «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының aktobe.daryn.kz сайтында жарияланады.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button