Пікір

Жақсы істердің жалғасы болғай

Жұмазия ҚУАНОВА,

Шұбарқұдық гимназиясы директорының орынбасары:

— Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққаарнаған Жолдауында индустриялы қоғамға өту керектігін айтты. Ол үшін демократиялық қоғам құндылықтарын меңгеру керек. Осы орайда саяси модернизацияның қажеттігі туындады. Президент: «Халық үнін» тыңдайтын Парламент  беделі мен қызметіне көп мүмкіндік беруіміз қажет», — деп атап көрсетті. Оған қоса Мәжіліс мәртебесін арттыруға ерекше мән берілетін болды.

Сайлау жүйесі өзгеретін болды. Бұл ретте Президент пропорционалдық және мажоритарлық жүйені ұсынды. Пропорционалдық және мажоритарлық жүйе қатар жүретін болса, халықтың саяси іске ашық араласаалуына бірден-бір мүмкіндік туар еді.  Сайлау алдындағы уәдесін орындамаған депутаттарды кейін қайтару енгізілетін болды.

Сонымен қатар елде Конституциялық сот құруды ұсынғаны жақсы жаңалық деп білемін. Бұның азаматтардың конституциялық құқығын қорғауға ықпалы зор болады.

Ел тұтастығы мен мызғымастығын  ұстап тұру мақсатында Құрылтай құруды да ұсынды. Ұлттық құрылтай мүшелері елдегі қордаланған мәселелерді шешу үшін жиі кездесіп отырса, бұның да пайдасы мол болар еді.

Азаматтардың ұсынысы мен пікірлеріне мән беру қажеттігін баса айтқан Президенттің бұл реформалары құптарлық. Енді соның нақты істе көрініс табуына куә болайық.

 Темір ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button