Пікір

Ұлттық бірегейлік ұстанымын нығайтады

Серік ШАҢҒҰТОВ,

облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында ұсынған реформаның басты мақсаты — билік пен халық арасында нақты нәтиже беріп, екіжақты тиімді диалог ұйымдастыру. Облыстық ардагерлер кеңесі Жаңа Жолдауды толық қолдайды. Біз үшін көңілден шыққаны — аймақтық-әкімшілік реформаларға қатысты бағыттар. Ол мемлекеттің басқару органдарын көпшілікке анағұрлым жақындатып,  қордаланған біраз мәселелерді оңтайлы шешуге ықпал етері сөзсіз.

Біз, облыс ардагерлері бүгінгі Жолдауды аса мұқият тыңдадық. Президент жариялаған шешімдер алғы күндерге жауапты міндеттер жүктеп отыр.

Президентіміз өз сөзінде «Біз өзіміздің басты игілігіміз – Тәуелсіздігімізді сақтауға, ұлттық бірегейлік негіздерін нығайтуға жұмылуымыз керек. Бұл біздің болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті парызымыз» деп атап өтті.

Біздер өз кезегімізде еліміздің бірлігі мен біртұтастығын сақтау, өсіп келе жатқан жастарымызды адамгершілікке, рухани тазалыққа, білімді болуға, ең бастысы туған елге адал еңбек етуге бағытталған шараларға ұдайы ат салысуды парыз санаймыз.

Бұл ретте талай өмір сынынан өткен ардагерлер жас буынға жақсы жол көрсетеді, бағыт береді деп ойлаймыз. Біз өзіміздің алдағы жұмыстарымызды осы тұрғыдан ойластыратын боламыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button