Ресми

Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға өтініш беру тәртібі

2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі және «е-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы енгізілді.

Жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға жазбаша түрінде немесе «е-Otinish» ақпаратық жүйесі арқылы электронды өтініш (арыз, шағым, сұрау салулар, пікірлер, ұсыныстар) беруге құқылы.

Кодекстің 63-бабына сәйкес, өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), жолданым берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы, жолданымның мәні, жолданымның берілген күні, арыз иесінің немесе оның өкілінің қолы міндетті түрде болуы қажет.

Егер өтініш белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам арыз иесіне жүгіну қандай талаптарға сай келмейтінін көрсетеді және оны талаптарға сәйкес келтіру үшін ақылға қонымды мерзімді белгілеп Кодекстің 64-бабын басшылыққа ала отырып өтініш иесіне кері қайтарылады.

Осыған орай, жазбаша немесе электронды өтініш берудің алдында жоғарыдағы көрсетілген талаптардың сақталуына аса мән беру қажет.

Кодексте белгіленген тәртіппен берілген жолданым міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға, қаралуға жатады және қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің (арыз, пікірлер, ұсыныстар, хабарламалар) мерзімі жолданым келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.

Сонымен қатар шағымды қарау мерзімі шағым келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнін құрайды.

Егер өтініш қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен жағдайда, келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыға бір мезгілде хабардар етіледі.

Осыған байланысты жеке және заңды тұлғалар Кодекстің жоғарыда көрсетілген талаптарын білу тиіс.

Жоғарыда баяндалған негізінде, мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға өтініш  беру  тәртібін жетік білу үшін аталған Кодексті  зерделеуді ұсынамыз.

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button