Ресми
Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті он алтыншы сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
- Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті он алтыншы сессиясы 2022 жылдың 1 сәуірі жергілікті уақытпен сағат 10.00-ге шақырылсын.
- Сессияның күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:
- Ақтөбе қалалық мәслихатының 2021 жылғы 15 желтоқсандағы №113 «2022-2024 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Басқа да мәселелер.
Ақтөбе қалалық мәслихаты
хатшысының міндетін атқарушы
М. Балтымова