Пікір

Билік пен халықтың арасындағы дәнекер

Еркін Жиеналин, «AMANAT» партиясы Ойыл аудандық филиалының атқарушысы хатшысы.

Көне Түркіде, одан қалды Орта Азия елдерінде мемлекеттік биліктің жоғары органы Құрылтай болды.

Қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» зұлматы уағында осыдан 296 жыл бұрын ордалы Ордабасы тауында қазақ хандары Ұлы Құрылтай құрып, үш жүздің басын біріктірген болатын.

Бүгінгі, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының кезекті Жолдауында «Ұлттық Құрылтай»- қоғамдық диалогтың жаңа форматын құру ұсынысы айтылған кезде жоғарыдағы ойлар санамда қылаң берді.

Геосаяси ахуалдар асқынған, саяси текетірестердің пәрмені күшейген, жаһандық үдерістердің екпіні артқан құбылмалы мына заманда «дала демократиясына» негізделген бұл бастама Президенттің кемел ойының тағы бір туындысы ма дедім.

Осылайша Қазақстанның ішкі тұрақтылығының кепілі ретінде азаматтық қоғам институттарының белсенділігін арттыру және олармен сындарлы пікір алмасу,  мемлекет пен қоғам арасында тиімді байланыс орнату, түптеп айтқанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ізіне жалпы халықтық сипаттағы қоғамдық диалогтың біртұтас моделінің жаңа құрылымы құрылмақ.

Келелі кеңесте қоғам өкілдерінің бастары құралып, ортаға «қамшы тастап» уағдалы сөз, пәтуалы пікір айтып, елдік дамудың кең ауқымды мәселелерін талқыға салмақ. Сөйтіп, мемлекеттің саналы, әрі сындарлы серіктестігіне жол ашылады.

Президент сөз соңында бір мәселеге ерекше тоқталды!

Ол былай деді:

– Мен азаматтарымыздың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын!..

Басқа жаңалықтар

Back to top button