Пікір

Жаңа облыстардың құрылуы – тарихи шешім

Тақталифум ЕСЕНҒҰЛОВ, «AMANAT» партиясының Саяси кеңес мүшесі.

Бүгінде 30 жыл Тәуелсіз өмір сүріп, табысты ел ретінде әлемге танылған Қазақ елі мемлекет басшысының кезекті халыққа үміт сыйлайтын Жолдауын зор қуанышпен тыңдады деп ойлаймын.

Бұл дәстүрлі Жолдауда Президентіміз елдің алдағы әлеуметтік – экономикалық дамуының басым бағыттары, еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді.

Мемлекет басшысы, «AMANAT» партиясының төрағасы Қасым – Жомарт Тоқаевтың осы жылға алғашқы Жолдауын ерекше ықыласпен тыңдадым. Жолдауда Президентіміздің халықтың көкейіндегі мәселелерді дөп басып, талап – тілегіне, арман – мұратына жетелейтін міндеттерді толық айтып, әр сала бойынша берген тапсырмасы еліміздің дамуына бағытталды. Еліміздің жарқын келешегі жолында атқарылатын іс-шараларға тоқталып, әрбір сала бойынша жеке – жеке жоспарын баяндап өтті.

Соның ішінде менің көңіліме жақын тигені – елімізде Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының құрылуы. Семей қаласы – Абай облысының, ал   Жезқазған қаласы Ұлытау облысының, Қапшағай қаласы Алматы облысының және Талдықорған қаласы Жетісу облысының орталығы болмақ. Осы жолғы Жолдау – Семей халқы үшін басқа жолдаулардан өзгерек болды. Абай мен Алаштың қаласы болған киелі жерді, облыс орталығы ретінде айрықша тарихи маңызы бар қалаларды жаңғырту мақсатында тағайындау туралы шешім, жүрегі қазақ деп соғатын әрбір азамат пен азаматша үшін өте қуанышты жаңалық деп білемін.

Шынымен де қаншама ұлыларымыздың табаны тиген қасиетті қаламыздың дамуы тым қарқынды деп айта алмаймыз. Мұны мемлекет басшысы өз сөзінде де ашық айтты. Облыс болған жағдайда қаланың әл ауқаты артып, көркі арта түсетініне сенімдіміз. Мен үшін Партия төрағасы, Президентіміздің айтқан ең жылы сөзі: «Маған халқымның ертең емес, бүгін бақытты болғаны керек»- дегені еді. Бұл ретте Президентіміздің асқан көреген, жанашыр, Ұлы тұлға екендігін сөзсіз дәлелдегенін көреміз.

Осы орайда, біз, Президенттің жаңа бастамалары ел азаматтарының жүрегі мен санасында үн қосатынына және Қазақстан жақын арада әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің қатарына қосылатынына нық сенімдіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button