Жаңалықтар

Кәсіпкерлер шұғыл желіге хабарласа алады

Төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастапөңірлік кәсіпкерлер палатасының шұғыл желісіне, яғни call-орталығына бизнес субъектілерінен 67 қоңыраукеліптүскен.

Оның 34-і форс-мажорлық жағдайлар туындағаны туралы куәлікті сұратуға қатысты болған. Мәселе, негізінен,интернеттің болмауымен байланысты. Яғни бұл кәсіпкерлік қызметті қиындатқан. Сондай-ақ шекара маңындағы облыстарға блок-бекеттер арқылы өтуге қатысты 6 кәсіпкер хабарласса, коменданттық сағат кезінде жедел жеткізу қызметтер түрлерінен 2 қоңырау қабылданған. Одан бөлек коменданттық сағат кезіндегі бизнес нысандарының жұмысына қатысты7 сұрақ, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын көтеруге қатысты 1 сұрақ, несиелерді төлеуге қатысты 4 сұрақ, т.б. түскен.

Ал республика бойынша бизнеске келтірілген шығынға қатысты жыл басынан бері 12 қаңтарға дейін 1432 call-орталығына 4833  қоңырау түскен. Ел бойынша кәсіпкерлік субъектісіне келтірілген шығынның жалпы сомасы, алдын ала есепке сәйкес 103,7 млрд теңгеден асты.

Осы орайда өңірлік кәсіпкерлер палатасытөмендегі байланыс нөмірлері бойынша қоңырау қабылдайтынын еске салады: +7(7132)744-607, 87017848582, 87777447401, 87776475550, 87777372476, 87012221574, 87775542550, 87083989450, 87011911331, 87771595350,  87014833617, 87024017668. Сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүргізудің, құқықтар мен мүдделерді қорғаудың барлық мәселелері бойынша кәсіпкерлер палатасына жолығуға болады.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button