Жаңалықтар

Өрт қауіпсіздігін сақтаңыз!

Қыс — жылыту маусымының уақыты. Осы орайда газ баллондары мен электрлік жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау қажет.

Бүгінде жыл басынан бері облыс аумағында 4 рет газ баллоны жарылған. Жарылыстардың негізгі себебі — газ баллондарын пайдалану ережелерін сақтамау. Сондықтан өзіңізді және жақындарыңызды қайғылы жағдайлардан қорғау үшін қарапайым ережелерді сақтау керек. Мәселен, тұрмыстық газ құрылғыларын (оның ішінде асүй плиталарын, су жылыту қазандықтарын, газ колонкаларын) газ баллондарынан 5 метр қашықтықта немесе жертөледе орналастыру керек. Сондай-ақ газ құрылғыларын балаларға және жұмыс істеу ережелерін білмейтін адамдарға беруге, газ баллондарын гараждарда, балкондарда сақтауға, пәтерді жылыту үшін газ плиталарын пайдалануға болмайды. Газ баллондарын тек мамандандырылған пункттерде ғана толтыру керек. Газдың иісі пайда болған кезде дереу газ қызметі мен өрт сөндіру күзетінің қызметкерлерін шақырыңыз.

Қалай болғанда да, өрт сөндірушілерді уақтылы шақыру келеңсіз жағдайлардың алдын алуға көмектеседі. Мүмкіндігінше тезірек «101» нөміріне қоңырау шалып, өрт күзетін шақыру керек.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Облыстық төтенше жағдайлар

департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button