Жаңалықтар

Мерекеде тамақтан уланып қалмаңыз!

Жаңа жыл мерекесінде  әрбір үйде мерекелік  дастарқан жайылады. Көпшіліктағамның түр-түрін мол етіп әзірлейді.Сондықтан мереке күндері денсаулығыңызға қауіп төндірмеу үшін алдын ала қауіпті факторлардыанықтап, одан сақтануға кеңес береміз. Олардың бірі — тағамнан улану.

Тағам өнімдері сапасыз болса немесе тағам алдын ала дайындалған болса, әсіресе мерекеден кейінгі дастарқаннан қалған тағамдар желінген жағдайда улану қаупі туындайды.

Тамақтан улану қаупін болдырмау және қауіп дәрежесін азайту үшін қарапайымережелерді сақтауды ұсынамыз. Олар:тағам сатып аларда  қаптаманың тұтастығына, өндіру мерзіміне, жарамдылық және сақтау мерзіміне көңіл бөліңіз;тағамды жаңа өнімдерден ғана дайындаңыз; салатқа арналған көкөністерді кешкісін дайындап, салқындатып, тоңазытқышта сақтаңыз және мереке басталуына 2 сағат қалғанда турап, ұсынар алдында араластырыңыз (барынша маймен).

Көшелерден және базардан үйде дайындалған консервілерді, сондай-ақ үйде дайындалған ет және балық өнімдерін сатып алудан сақтаныңыз. Дүкендерден қақпағы көтерілген немесе күмәнді басқа да өнімдермен консервілерді сатып алмаңыз.

Мейрамгүл ЕЛЕУОВА,

облыстық санитарлық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті тамақтану объектілерін бақылау

және қадағалау бөлімінің  басшысы.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button