Жаңалықтар

Жүзден жүйрік шықты

Ақын М.Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылған республикалық додадан ақтөбелік оқушылар жеңіспен оралды. Алматы қаласында «Ғұмырдария» жасөспірімдер өнер орталығының ұйымдастыруымен өткен «Кел, болашақ!» атты ән-жыр байқауына ел аймақтарынан көркемсөз шеберлігін сынауға 600-ге жуық оқушы қатысқан.

Бұл додаға Ақтөбе облысынан «Айсын» радиожурналистика мектебінің оқушылары Еркеназ Қалиева мен Бейбарыс Болат қатысты. Еркеназ ақиық ақынның «Арманым тіріл, көз ілген» өлеңін оқып, бас жүлдені иеленсе, Бейбарыс Болат «Шеше, сен бақыттысың» өлеңін оқып, 3-ші орынды жеңіп алды. Балалар әділқазы алқасының төрайымы, ақынның келіні, М.Мақатаев қорының президенті Бақытгүл Айдарованың қолынан марапат алды.

—   Байқау мақсаты — ақиық ақынның жыр өлеңдерін жастар арасында насихаттау, талантты балаларды анықтау, жас балалардың поэзияға деген ынтасын арттыру. Біздің балалар жоғары деңгейде өнер көрсетті, — деді «Айсын» радиожурналистика мектебінің жетекшісі Айсын Байтақова.

М.Табын. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button