Жаңалықтар

Тағылымы мол басылым

БАСПАСӨЗ — 2022

Ақшолпан ОРАЗОВА,

Қобда аудандық  сайлау комиссиясының төрағасы.

Газет оқу — зиялылықтың белгісі. Әсіресе, аға буын өкілдері үшін газет-журналдың  орны  ерекше болатын. Осы орайда әке-анамыздың, ата-енеміздің  басылымдарды таласа оқып, ой елегінен өткізіп, қызу  пікірлесіп  отыратыны көз алдымызда. Соның ішінде олар «Ақтөбе» газетін  сүйіп оқитын.

Өңір жаңалықтарының жаршысы — «Ақтөбе» газеті менің де ұзақ жылдар бойы  қызыға оқитын сүйікті басылымым. Жағымды жаңалықтар, жақсы хабарлар, тартымды  да қызғылықты, тарихи құндылығы терең, тәрбиелік мәні жоғары мақалаларды әрдайым іздеп, оқып отырамын.

Соның ішінде елімізге еңбегі сіңген тұлғалардың өмір және еңбек жолы туралы мақалаларды,  жергілікті ақын-жазушыларымыз Ертай Ашықбаевтың, Бауыржан Бабажанұлының, Жақсылық Айжанұлының  шығармаларын   қызыға оқимын.

Ұстаздық етіп жүріп те, ауданның ішкі саясат саласында қызмет атқарған уақытымда да сүйікті газетімізбен тығыз байланыста  жұмыс жасадық. Басылым үкіметтің саясатын, еліміз бен облысымыздың әлеуметтік-экономикалық  жетістіктерін,  халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында атқарылып жатқан қыруар шаруаларды, кәсіпкерліктің дамуын, жастарымыздың жетістіктерін жан-жақты көрсетіп, елге жеткізіп отырады. Біз де өз кезегімізде жұмысымызда сол мәліметтерді ұтымды  пайдаланып, оқушыларымыз  бен  жерлестерімізге жеткізіп отыратынбыз.

Бүгінгі әлеуметтік желілер жайлап кеткен заманда да газеттің құндылығы еш түспейді. Газетімізді пошта жәшігінен алып,  қолымызға ұстап, бастан-аяқ оқып шығу санамызға  сіңген әдемі әдет болып  қалыптасып  қалды.

Ендеше ұзақ жылдар бойы асыға күтіп, қызыға оқитын, тарихымыздың тереңінен сусындатып, өнегелі ғұмырлар мен  асыл азаматтар туралы ой-толғамдарды жариялайтын, ой-өрісімізді  кеңейтетін тағылымды басылымның оқырмандары  алдағы уақытта да жағымды жаңалықтардың, жеңісті күндердің, қуанышты жағдайлардың  куәсі болатынына сенімім мол.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button