Жаңалықтар

Үйге жеткізіп береді

Биылғы жылдың 10 aйының қорытындысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақтөбе облыстық филиалы республикада 3-орынды иемденіп, үздік нәтиже көрсетті.

Бұл туралы филиалдың фронт-офисті үйлестіру департаментінің жүргізген талдауында мәлім болды.

Биыл жыл басынан бері өңірде Каспи қосымшасы арқылы «Жекелеген көлік құралдарын тіркеу және есептен шығару» бойынша 10 942, ықпалдастырылған ақпараттық жүйе арқылы 58 444 құжат рәсімделген.

Өткен жылы басталған пандемия халыққа онлайн мен жеткізіп беру қызметтерінің тиімділігін ұқтырды. Соның арқасында бүгінде филиалдың мамандандырылған бөлім қызметкерлері дайын құжаттарды тұрғындардың үйіне жеткізіп береді. Дегенмен қызмет ақылы, құны – 2240 теңге. Бұл —  уақыт үнемдейтін тиімді әдіс. Осы орайда биыл филиал мамандары 56 тұрғынға қызмет көрсетіп, олардың құжаттарын үйіне жеткізіп берген.

Сәуле ХАМИДОЛЛА,

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»

 КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының қызметкері.

Басқа жаңалықтар

Back to top button