Жаңалықтар

Тіл мамандары ой бөлісті

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институтында латын графикасына қатысты ғалымдар мен тіл мамандары ой бөлісті.

Дөңгелек үстел барысында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Н.Рсалиева жетілдірілген әліпби құрамымен таныстырып, әліпбидің жасалу тәртібін, қазақтың төл әріптерін белгілеуге алынған таңбалардың ұсынылып отырған жобасын түсіндірді.

Сондай-ақ басқосуда облыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы М.Мырза латын графикасына көшудің ұтымды тұстарын назарға алып, sozdikqor.kz, tilqural.kz, emle.kz сайттары және оларды қолданудың жолдарына шолу жасады.

Шарада облыстың тәжірибелі педагогтері –  А.Бисембаева, М.Отарбаева, Л.Наубетова, М.Оралбаева, Г.Сулекенова, Қ.Шалабаева, Б.Искалиева, Н.Жұмабекова, т.б. жаңа әліпбидің әлеуметтік, рухани, мәдени маңызы жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.

 Марал ӘДІЛХАНОВА,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша

педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру

институтының қызметкері.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button