Жаңалықтар

Онкүндік өтеді

Брифинг

1 желтоқсан — Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні. Осы күнге орай облыста кешенді іс-шаралар кампаниясы ұйымдастырылады. Бұл туралы Instagram және фейсбук желілеріндегі aqtobe_press парақшасында «Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні» тақырыбында өткен тікелей эфирде айтылды.

Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаеваның айтуынша, облыс көлемінде «Өмірің өз қолыңда!» атты ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы басталды.

— Облыста 1989 жылдан бері 516 адамнан АИТВ инфекциясы табылған. Содан бері осы аурумен күресіп келе жатқан адамдар бар. Осыған орай «Теңсіздікті болдырмау» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылады. Теңсіздікті болдырмау — жаһандық міндет. Ауру неғұрлым ерте анықталса, соғұрлым инфекцияның күшін қайтару да жеңіл болады. Биылғы  өткен он ай ішінде 47 адамнан АИТВ анықталып отыр. Оның 34-і — ерлер, 13-і — әйелдер. Жалпы, еліміз бойынша осы вирустың таралуы жөнінен біздің облыс 14 орында тұр. Негізінен, аталған инфекция қан арқылы,  жыныстық қатынас арқылы, сондай-ақ жүктілік кезінде анасынан балаға жұғады, — дейді Айжан Жайлаубаева.

Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Анна Каспирова

облыс  көлемінде 15 қарашадан 25 қарашаға дейін «АИТВ: әр адамды түсіну» тақырыбында кешенді шараларға толы онкүндік өткізілетінін айтты. Сондай-ақ ол қаламыздағы барлық емханаларда өз мәртебеңді анықтау үшін анонимді түрде тест тапсыруға мүмкіндік барын, тек жеке куәлігіңмен барып, иммунды ферментті қан талдауын тапсыру қажет екендігін жеткізді.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button