Спорт

Ел мықтылары анықталады

Ақтөбе қаласында жүзуден ҚР чемпионаты өтіп жатыр. «Достық» су спорты орталығында чемпионаттың ашылу салтанатына қатысқан облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончарев спортшыларға бұл жарыстан үздік шығып, Олимпиада ойындарында өнер көрсетулерін тіледі. Айта кетсек, чемпионатқа қатысушылардың арасында Токио олимпиадасында бақ сынаған Диана Назарова да бар.

Чемпионатқа еліміздің барлық қалаларынан 242 спортшы келді. Олар 20 команда бойынша сынға түседі. Жүзу жарысына Ақтөбе қаласынан 2 команда қатысады. Бұл додадан үздік шыққандар  ұлттық құрама сапына алынады.

Қазан айының 4-8 күндері өтетін чемпионатта алдын ала жарыстар күн сайын сағат 10.00-12.00 аралығында, ал ақтық жарыстар 17.00-19.00-де болады. Чемпионат еркін стиль, баттерфляй, шалқалап жүзу, брасс, және кешенді жүзу бойынша өтеді.

Жүзу жолының ұзындығы 400 метрге дейін.

С.ЖҰБАНҒАЗИН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button