Пікір

Кемел келешек кепілі

Сәуле МАКСИМОВА,

№6 Шұбарқұдық негізгі орта мектебінің мұғалімі:

—  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында қолжетімді әрі сапалы білім туралы нақты айтты.

Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет екенін, бірақ сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа қатысып, оқушыларға мұғалімдермен және сыныптастармен араласудың орны бөлек екенін баса айтылды. Меніңше, бұл өте дұрыс. Қалыпты оқу режиміне ештеңе жетпейді. Сондықтан санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсілін жалғастыра беру барлығымызға тиімді деп есептеймін.

Қазіргі таңда ең маңызды мәселелердің бірі педагог мәртебесін көтеру екендігі белгілі. Осы бағытта мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүзеге асырылатыны жөнінде хабар біз үшін жағымды жаңалық болды.

Жалпы, Тәуелсіздіктің 30 жылында ел Президентінің әр жылдары жариялаған Жолдаулары мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс-тіршілігінің дамуына бірден-бір ықпал еткен фактор деп білемін. Сондықтан осы Жолдауды әріптестер, отбасымыз болып асыға күтеміз. Сондай-ақ осы елдің өкілі ретінде Отанымыздың кемел келешегіне деген жауапкершілікті Мемлекет басшысымен бөлісе отырып, мақсаттарды жүзеге асыруда бар күш-жігерімізді аямайтынымызды айтқым келеді.

Темір ауданы.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button