Жаңалықтар

Балаларға таратылды

Жыл сайын Ақтөбе қаласындағы №49 орта мектеп өз бақшасында көкөністер егіп, өсіреді.Мұндағы мақсат — оқушыларға экологиялық тәрбие беру, еңбекке баулу, табиғатқа сүйіспеншілік сезімін ояту және дәстүрлі республикалық «Мектепке жол акциясы» аясында көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына көмектесу.

Биыл да әдеттегідей білім ошағының бақшасында өсірілген көкөністер мен жеміс ағаштары мол өнім берді.Негізінен, қияр, қауын, қарбыз, жүгері егілді. Жаз бойы мектеп ұжымы мен оқушылар көкөністердіңарамшөптерін жұлып, суарып, күтіп-баптады.

«Жақсылық еткен алғыс алады» демекші, бұл игілікті істің басы-қасында мектебіміздегі қамқоршылық кеңестің төрағасы Абат Қожайұлы жүрді. Жиналған өнім арнайы санатқа жататын балаларға үлестірілді. Үлкендердің мұндай ізгілікті ісі оқушыларға да үлгі болары анық.

Гүлхан ИБРАШЕВА,

№49 орта мектептің әлеуметтік педагогі.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button