Пікір

Кітапханашыларды да қуантты

Салтанат БАЙДЫЛОВА,

Бегімбет ауылының кiтапханашысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын асыға күтетіндердің арасында кітапханашылар қауымы да бар. Өйткені дәстүрлi әр Жолдауда бiздiң рухани қоржынымыздың толысуына, ұлттық құндылықтарымыздың танылуына екпiндi мiндеттер қойылатынына куә болып жүрмiз. Соның арқасында қалың оқырман мен өскелең буын арасында үндестiктер тудыру үшiн мәнi мол шараларды жиi өткiземiз.

Жолдаудағы төртiншi бaстaмaдa бюджеттен қаржыландырылатындардың қатарынан кітапханашылар қауымының да еңбегiн атап, келер жылдан бастап жалақыларын көтерудi мiндеттеді. Бұл бiр қарағанда, Президентiмiздiң ойлы оқырман ортасын бiлетiндiгiн, рухани азықты әрдайым алғы шептен көргiсi келетiндiгiн аңғартады.

                                                                                            Шалқар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button