Пікір

Болашаққа жетелейтін жарқын жол

Мәншүк МАДИЯРОВА,

№34 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелерді қозғады. Жаңа Жолдауда білім-ғылым саласына байланысты көптеген мәселелер көтерілді.

Елімізде өткен жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы артып келеді. Президент өз Жолдауында бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты. Яғни 2023 жылға дейін ұстаздардың жалақысы екі есеге өседі.

Сондай-ақ Жолдауда мәдениет қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілердің жалақылары 2022 жылдан 2025 жылға дейін жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсетіндігі айтылды. Бұл біздің Президентіміздің осы салаларда еңбек етіп жүрген азаматтардың жағдайына бейжай қарамай, қолдау көрсеткені деп білеміз.

Сонымен қатар алдағы уақытта ұстаздардың біліктілігін арттыру бес жылда емес, үш жылда бір рет ақысыз негізде қолға алынатын болды. Бұл біз сияқты білімді ұрпақ тәрбиелеп жүрген педагогтердің еңбегі мен білімін, біліктілігін бағалауға тың серпін береді деп ойлаймын. Бұл бастама заман талабына сай жасалған игі қадамдардың бірі дер едім. Қашанда ел баласын оқытып, тәрбиелейтін біз үшін Жолдауда айтылған жаңалықтардың барлығы үлкен қолдау және болашаққа жетелейтін жарқын жол деп білемін. Ендеше, облыс ұстаздарын Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыруға үлес қосып, осы жарқын жолда жалықпай еңбек етуге шақырамын.

 Ақтөбе қаласы. 

ҚАМҚОРЛЫҚҚЫЗМЕТ САПАСЫН КӨТЕРУГЕ МІНДЕТТЕЙДІ

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында: «Біз тұғыры мығым ел болу жолында кедергілерді еңсеріп, қиындықтарды жеңіп келеміз. Еліміз Тәуелсіздік жылнамасының төртінші онжылдығына қадам басқалы тұр. Бұл кезеңнің оңай болмайтыны қазірдің өзінде айқын байқалуда. Сондықтан кез келген сын-қатерге дайын болуға тиіспіз. Тынымсыз ізденіп, ұдайы алға ұмтылуымыз қажет», —  деп нақты ахуалды сипаттап берді.

Ол Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын көтеру және еліміздің жаһанданудан қалмауын қамтамасыз ету жайын айқын атап көрсетті. Әсіресе денсаулықты сақтауда салауатты өмірді берік ұстану, сапалы білім мен ғылымды жоғары деңгейге көтеру және мәдениет саласын жақсарту керектігі де ерекше атап өтілді. Бұның барлығы аталған салалардың қызмет сапасын күшейтуге негіз болатыны сөзсіз.

Мәдениет саласы мен архив  қызметкерлерінің әл-ауқатын көтеру үшін барлық жағдай жасалып жатқаны және  жалақылары көтерілетіні оларға жаңа серпін беретіні, қызметке деген белсенділіктерін арттыратыны белгілі. Мәдениетті халық, өркениетті ел болу мемлекетіміздің мәртебесін жоғары деңгейге көтереді. Бұл орайда сапалы қызмет көрсете отырып, жаңа міндеттер мен талаптарды мұқият орындауға тиіспіз. Ел игілігі үшін бөлінетін қаражаттың қашанда қарапайым халыққа жағымды болатыны сөзсіз. Сонымен бірге Баспанаға ие болу жолдарының жеңілдетілуі барша халық қолдайтын игілікті іс болды.

Облыстық мемлекеттік архив директоры Марат Төлебай Президенттің Қазақстан халқына Жолдауымен ұжымымен бірге танысып, кеңінен насихаттауды қолға алды. Әрине, ел аманатына ие болып отырған архив қызметкерлері үшін бұл Жолдауда тиімді, жағымды жаңалықтарболғаны анық. Мекеме басшысы қызмет сапасы мәселесінеерекше мән беру керектігіне тоқталды және мұрағаттарға аса жауапкершілікпен қарау тұрғысынан тапсырмалар белгіледі.

Мақсат, бағытымыз айқын белгіленіп, жоспарлар бойынша тиянақты жұмыстар жасау және кездескен барлық қиындықтарды күш біріктіре отырып, жеңуге тиісті екенімізді Президентіміз ашып айтты. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»— деп дана халқымыз айтқандай, кейін кеш болмауы үшін, бүкіл қоғам болып, алға қойған барлық міндеттердіорындау бағытында жұмылуға тиіспіз.

Тәуелсіз мемлекетіміздің тұғыры берік болу үшін бірлігіміздің бекемдігін ұстану — басты міндетіміз.

Думан САРБАЕВ,

облыстық мемлекеттік архивтің

ғылыми қызметкері 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button