Жаңалықтар

Ясныйдағы қоқыс алына бастады

Ақтөбе қаласының іргесіндегі құс фабрикасының аумағындағы қоқыс тазартылып, орнына ағаш егілетін болды.

Ясный ауылының тұрғындарымен кездескен құс фабрикасының атқарушы директоры Серік Қалауғали алдағы 2-3 аптаның ішінде қоқыс тазарту жұмыстары толық бітетінін айтты.

Кейбір тұрғындардың ойлағанындай, құс фабрикасынан шыққан құстың саңғырығы ол жерге төгіліп жатқан жоқ. Керісінше, көп жылдан бері тұрғындар сол жерді тұрмыстық қоқыс төгетін полигонға айналдырып алған. 1964 жылдан бастап жиналған құс саңғырығының орны  бүгінгі күні қала тұрғындарының тұрмыстық қалдықтарымен толған. Ясный ауылының тұрғындары да, құс фабрикасының басшылары да бұл жерді тазартуға белсенділік танытып отыр.

Аумақты тазарту жұмысымен «Экоресурс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысады.

— Бұлжерден органикалық тыңайтқыш өндіріліп, ауылшаруашылық тауар өндірушілерге беріледі. Әрине, тегін емес, сатылады. Себебі тыңайтқыш өндіру құны қымбатқа түседі. Ол үшін құс саңғырығынан тұрмыстық қоқыс бөлек алынып, сұрыпталады. Аумақтағы11 гектар жерден 2 мың тоннадай қоқыс шығаруылуға тиіс. Ал ауылшаруашылығы нысандары үшін шамамен 2700 тонна тыңайтқыш  алынды, —дейді құс фабрикасының атқарушы директоры Серік Қалауғали.

Самат НАРЕГЕЕВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button