Жаңалықтар

Ауа тазарады

«NurOtan» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуы аясында депутаттар жер қойнауын пайдаланушылардың қызметін талқылады. Бұл туралы облыстық мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Өңірдегі тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт салынбақ. Комиссия отырысында табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ануарбек Бермағамбетов өңірдегі атмосфералық ауаны жақсартуға бағытталған жұмыстардың басталғанын айтты. Ол үшін алдымен  Ақтөбе тазарту құрылыстары кешенінің тұнба тұнбаларын кәдеге жарату керек.  Қатты қоқыс қалдықтары бөлек жиналып, сұрыпталады. Сонымен қатар облыс аумағында 2 миллионнан астам ағаш егу жоспарланды.

Экология департаменті басшысының орынбасары Талап Уснадиннің айтуынша, жергілікті тазарту құрылыстары мен май ұстағыштарды орнату бойынша кәсіпорындармен жұмыс жүргізілуде. Жергілікті өндірушілер ауа тазалығына жауапкершілікпен қарайтын болады.

«Ақтөбе Хром қосындылары зауыты» акционерлік қоғамы кәсіпорны 4 электр сүзгісін ауыстыра отырып, шаң-газ тазалау қондырғысын қайта жаңартып жатыр. Автокөліктердің газ отынына көшуі үшін тиісті шаралар қабылданды және тиісті инфрақұрылым құрылды. Сонымен қатар қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату зауытын салу мәселесі пысықталуда, зауытқа арналған жер учаскесі резервке қойылып, электр желісіне қосылу нүктесі айқындалды, — деді басқарма басшысы.

Индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Қуандық Қасымов облыс аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге 94 жер қойнауын пайдаланушы жұмыс істейтінін айтты.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлқасима Сүйінтаева Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасының іске асырылу барысы туралы баяндады.

С.ЖҰБАНҒАЗИН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button