Ресми

 «Қаржылық тұрақтылық бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына енгізілген кейбір толықтырулар мен өзгерістерге қатысты»

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларына (әрі қарай — Қағида) өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты келесіні хабарлайды.

Қағиданың 446, 447-1 тармақтарына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші, егер ол жиынтығында осы Қағидалардың 447-тармағының 1, 2 және 4-тармақшаларында көзделген шарттарға сәйкес келсе, қаржылық тұрақты деп танылады.

1) кірістер — мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың 1/2 бөлігін құрайды;

2) төленген салықтар — 1-тармақта көрсетілген кірістердің кемінде 4% құрайды;

3) негізгі құралдар — құралдардың орташа құны үш жыл ішіндегі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың 1/15 бөлігін құрайды;

4) еңбекақы төлеу қоры — мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың 1/15 бөлігін құрайды.

Бұған қоса әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығын мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайды (Қағиданың 446-тармағы).

Қағиданың 447-2 тармағына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері веб-порталда  қолдану жылының  алдындағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей күнтізбелік жыл ішінде бір рет жаңартылып отырады. Бұл  ретте әлеуетті өнім берушілердің қаржылық  тұрақтылығы және (немесе) төленген салықтар  көрсеткіштері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері үш жылдық кезеңнің соңғы есептелетін жылы үшін веб-порталда жаңартылады.

Бұдан басқа, осы жылдың 7 қыркүйегінен бастап мемлекеттік сатып алу веб-порталында әлеуетті өнім берушілердің қосымша тапсырған салықтық есептері мен төленген салықтар бойынша қаржылық тұрақтылығы және (немесе) төленген салықтар көрсеткіштері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтеріне өзгерістер енгізу мүмкіндігі алып тасталғандығы туралы хабарлайды (2015 ж. 11.12. №648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 447-3 тармақшасы).

Аталған тармақ Қаржы министрінің осы жылдың 21 тамызында №863 бұйрығымен алынып тасталған, биыл 7 қыркүйекте заңды күшіне енді.

Осылайша бүгінгі таңда Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері Қағиданың 447-2 бабына сәйкес веб-порталда күнтізбелік жыл ішінде мәліметтерді қолдану жылының алдындағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей күнтізбелік жыл ішінде бір рет жаңартылып отырады.

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button