Тәуелсіздік — 30

Ақтөбе жастары белтемірге тартылудан жарысты

Ел Тәуелсіздігінің 30жылдығы, Қ.Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай Ақтөбе қалалық  жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында белтемірге тартылу бойынша «Рухты Ақтөбе» қалалық турнирі өтті.

Қатысушылар жас ерекшелігіне байланысты екі санатқа бөлінді:14-21 жас және 22-29 жас.

14-21 жас аралығында белтемірде көп тартылып, өзінің білекті екенін көрсете білген Даниль Шёлкин бірінші орынға ие болды. Осы жастағылар арасында Рашид Камильев екінші орынды, Заңғар Ақшабаев үшінші орынды иеленді.

22-29 жас аралығындағы әуесқой спортшылар арасында Айбек Жолдыбаев ептілігімен ерекшеленіп, бірінші орынды жеңіп алды. Ал төзімділік танытқан білекті жігіттер — Рүстем Амантаев пен Бекзат Хасенов кейінгі жүлделі орындардан көрінді.

Жеңімпаздарға Кубок, медаль, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

 Үміт ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button