Жаңалықтар

Байқау

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша

әлеуметтік жобалар акселераторы

Мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттарын мемлекеттік және мемлекеттік емес институттармен өзара іс-қимыл жасау арқылы ілгерілету. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қағидаттары бойынша жобалар портфелін құру.

2021 жылғы 1-30 қыркүйек аралығында өтетін байқауға қатысуға келесі бағыттар бойынша жобалық топтар шақырылады:

  • инклюзивті қоғамды дамыту (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, қарт адамдарды, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды, аз қамтылған көпбалалы отбасыларды қолдау);
  • бейресми білім беру шеңберінде өзекті құзыреттерді дамыту (қаржылық, құқықтық, медиалық, IT, цифрлық сауаттылық, ағылшын, мемлекеттік тілдерді меңгеру);
  • ауылшаруашылық, өңірлік, білім туризмін дамыту;
  • мәдениет, өнер және халық шығармашылығы, спорт саласындағы жобаларды біріктіретін алаңдарды дамыту;
  • халықтың экологиялық мәдениетін дамыту;
  • аумақты (ауылды, ауданды, қаланы) дамыту, қалалық ортаны дамыту, урбандалу саласының жобаларын қолдау.

Байқауға  ҮЕҰ, әлеуметтік кәсіпкерлер, бастамашыл топтар, ғылыми жұртшылық, өнер және мәдениет қайраткерлері, шағын және орта бизнес өкілдері қатыса алады.    

Байқауға қатысу үшін 2021 жылғы 20 қыркүйек сағат 18.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша) сілтеме бойынша тіркеуден өту қажет. Өтінімді қосымшаға сәйкес мемлекеттік немесе орыс тілінде беру қажет.

Байланыс телефондар: 8(7132)558017, 8-701-671-87-20

Басқа жаңалықтар

Back to top button