Жаңалықтар

350 оқушыға оқу құралдарын сыйлады  

Биыл ERG құрамындағы «Қазхром» компаниясында корпоративтік еріктілер акциясы үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылды. Акция аясында қамқорлық пен қолдауға мұқтаж балаларға мектепке қажетті оқу құралдары  сыйға тартылды. Аталған шараға Ақтөбе, Ақсу, Хромтау, Қарағанды қалаларындағы кәсіпорындардың барлық цех, басқармалар мен бөлімшелер қатысты. Осылайша металлургтер «Мектепке жол» республикалық акциясына өз үлестерін қосты.

Компания қызметкерлері ұжым болып балаларға арналған оқу сөмкелерін жинақтады. Қажетті мектеп құралдары салынған бір сөмкенің құны — 20-40 мың теңге аралығында. Балаларға базарлықты кәсіпорындардың жастар кеңесі үлестірді.

Сөмкелердің көбі ауылдық және қала маңындағы мектептердің оқушыларына берілді.  Қолдауды қажет ететіндердің тізімін оқу жылы басталар алдында жергілікті әкімдіктер ұсынған.

— Әріптестеріме белсенді қолдау көрсеткендері үшін алғысымды білдіргім келеді, — дейді «Қазхром»ТҰК» АҚ президенті Арман Есенжолов. — «Қазхромдықтардың» әзірлеген мектеп сөмкелерінде қажет нәрсенің бәрі бар. Біздің күшіміз бірлікте екенін бұл жолы тағы бір мәрте дәлелдедік.

Облыстық мәслихат депутаты ретінде Арман Есенжоловтың өзі Қобда, Ойыл, Шалқар аудандары әкімдіктерінің өтініштеріне жауап ретінде 30 баланы мектепке дайындауға көмектесті. Оқушыларға спорттық және мектеп формасы, аяқ киім, планшеттер мен рюкзактар, ойыншық пен доптар таратылды.

Сондай-ақ «Қазхромның» ұжымдық шартына сәйкес оқу жылының басына қарай қызметкерлердің арасында көпбалалы отбасылардағы әр балаға төлем жүргізілді. Биыл екі мыңнан астам мектеп оқушысына осындай көмек берілген. Бұл мақсатқа компания 60 миллион теңгеден астам қаражат бөлген.

Дөң тау-кен байыту комбинатында ұжымдық шарт бойынша төлемдерден бөлек үш баласы бар отбасыларға кәсіподақ комитетінің қосымша ақшалай көмегі берілді. Екі қалалық мектептің оқушыларына арналған жиынтық үлестірілді. Қарауында мектеп жасындағы балалары бар комбинат зейнеткерлеріне де қолдау көрсетілді. Ақтөбе ферроқорытпа зауытының кәсіподақ комитеті қаладағы №47 мектептің оқушыларына киім мен аяқ киім сатып алып берді және тағы 10 сөмке №57 орта мектепке табысталды.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Back to top button