Жаңалықтар

Жол белгілері тексерілді 

Сейсенбі күні полицейлер «Назар аударыңыз, балалар!» республикалық акциясы аясында мектеп автобустарына техникалық тексеру жүргізді.

Мақсат —  жаңа оқу жылында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, апаттардың алдын алу.

— Шара екі кезеңде өтуде: әуелі мектептер орналасқан шағын аудандарда жол белгілерінің, өткелдердің болуы, бағдаршамдардың қалыпты режимде жұмыс істейтіні қаралды. Сондай-ақ көлік құралдары тексерілді. Талап бойынша автобустар екі есікті болып, «Балалардың назарына» белгісі, өрт сөндіру құралдары мен дәрі қобдишасымен қамтылуы тиіс. Облыс бойынша барлығы 43 мектеп автобусы бар, соның 18-ін жергілікті атқарушы органдар жаңартуды жоспарлап отыр, — деп атап өтті полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Әлиев.

Соңында барлық анықталған бұзушылықтар, атап айтсақ, бағдаршамдардың, көшені жарықтандырудың жұмысындағы ақауларды жою, жаяу жүргіншілер өткелдерін сырлау және жол белгілерін орнату бойынша нұсқаулар берілді.

Айбек СЕРІКҰЛЫ. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button