Жаңалықтар

Үш күн ыстық су болмайды

Алдағы жылыту маусымына дайындықты пысықтау үшін 7-9 қыркүйек күндері Ақтөбе қаласы бойынша ыстық судың берілуі тоқтатылады.

Жылдағы дәстүр бойынша аталған мерзімде «Aqtobe su-energy group» АҚ «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-мен бірлесіп магистралды және ішкі жылу желілеріне күзгі гидравликалық сынақ жұмыстарын жүргізеді.

Мамандардың сөзінше, жылу жүйесі жылына екі рет тексеруден өтуге тиіс: көктемде және жаңа жылыту маусымы басталар тұста, яғни күзде. Мақсат — әлдебір ақаулар болса, соны жөндеу, жалпы даярлықты тексеру.

— Бұл — жылу желілердегі ақауларды анықтап, жою бағытында қолданылатын әзірге жалғыз тәсіл. Сондықтан ыстық суды уақытша тоқтатуға мәжбүрміз. Уақытша қолайсыздықтар үшін алдын ала кешірім сұраймыз, — деп хабарлайды монополист мекеме.

 Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button