Жаңалықтар

Он оқушыны қуантты

Мектепке жол

Сейсенбі күні «Мектепке жол» акциясы аясында ақтөбелік бірқатар оқушыға киім-кешектер үлестірілді.  Мақсат — аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларды жаңа оқу жылына дайындау.

— Облыстық білім басқармасы ұсынған тізім бойынша он баланың әрқайсысына жалпы құны 25 мың теңгеге мектеп формасы, спорттық киім, аяқ киім табыстадық. Мұндай көмек қаланың №6, №62, №57, №71, №66, №75, №41 орта мектептерінде оқитын ұл-қыздарға жасалды.

Жалпы, біздің ұйым балаларға ақшалай сыйлықтар, тәттілер үлестіріп тұрады. Құрбан айтта ет таратамыз, — дейді «Қызыл Ай» қоғамы облыстық филиалының директоры Нұрлан Үдербай.

Оның айтуынша, аталған ұйым 2006 жылдан бері облыстық білім басқармасының

жанындағы «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыратын комиссияға мүше. Олар енді он балаға мектеп құралдарын алып беруді жоспарлап отыр.

Айәли АЙБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button