Ресми

Электрондық сауда бойынша салықтық жеңілдіктер

Ресми түсіндірме

Ақтөбе  облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Қазақстан Республикасы Салық кодексінде интернет арқылы тауарлармен электрондық сауда жасайтын салық төлеушілер үшін корпоративтік/жеке табыс салығы бойынша жеңілдіктер қарастырылған» — деп хабарлайды.

Бұл жағдайда келесі шарттарға сай болу керек:

  1. Тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық түрде жүзеге асырылады;
  2. Тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол ақшасыз төлеммен жүргізіледі;
  3. Тауарларды сатып алушыға (алушыға) меншікті жеткізу қызметінің болуы не жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтерді, курьерлік және (немесе) пошта қызметін жүзеге асыратын тұлғалармен шарттардың болуы.

Бұл ретте, тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін табыс жылдық жиынтық кірістің кемінде 90%-ын құрауға тиіс.

Осы шарттар сақталмаған жағдайда салық төлеуші салық жеңілдіктерін қолдануға құқылы емес.

Электрондық сауданы жүзеге асыратын тұлғалар үшін жеңілдіктер алу үшін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркеу есебіне тұру және жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны мемлекеттік кірістер органдарына жіберу қажет.

Тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалар салық органының сұрау салуы бойынша мәліметтерді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынады.

Ақтөбе облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаменті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button