Ресми

POS-терминал түбіртегінен басқа БКМ түбіртегін беру керек пе?

Ресми түсіндірме

Сатып алушыдан төлемді банк картасымен қабылдаған кезде өзінің POS-терминалы түбіртегін басып шығарады, ол есеп құжаттамасына жатады және салық төлеуші оны 5 жылға дейінгі мерзімде сақтауы тиіс (Салық кодексінің 193-бабы 3-тармағы).

Тәжірибеде POS-терминалдың түбіртегін басқа БКМ фискалды түбіртегін беру және соманы қосымша өткізу қажеттілігі бар ма деген сұрақ туындайды.

Кәсіпкер POS-терминалды пайдалану кезінде түбіртектердің екі түрін, яғни POS-терминал түбіртегін және БКМ түбіртегін беруге міндетті.

Бұл Cалық кодексінің 166-бабының талаптарымен негізделген, салық төлеушілерді ақшалай есеп айырысуларда БКМ қолдануға міндеттейді.

Бұл ретте Салық кодексінің 165-бабы ақшалай есеп айырысулар деп қолма-қол ақша немесе төлем карталары арқылы тауарлар мен қызметтер үшін есеп айырысулар түсініледі.

Демек, сатушы сатып алушыдан төлем картасын қабылдаған кезде міндетті:

– сатып алушыға POS-терминал түбіртегін беру (екінші данасын өзінде сақтау);

– соманы онлайн БКМ арқылы өткізу және сатып алушыға онлайн БКМ түбіртегін беру.

БКМ түбіртегін бермеу кәсіпкер тарапынан кассалық тәртіпті бұзу болып табылады және ҚР ӘҚБтК 284-бабы 3-тармағына және 4-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартуға әкеп соғады:

– ескерту (алғашқы бұзушылық кезінде);

– 20-дан 40 АЕК-ке дейін айыппұл (жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда).

Ақтөбе облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаменті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button