Жаңалықтар

Шөп шабу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Шалқар ауданында шаруашылықтарға, арнайы бригадаларға мал азығын дайындау үшін ауылдық округтің әкімшілік жерлері мен босалқы жерлерден жер ұсынылып, шөп шабуға мүмкіндік берілуде.

Мал азығын дайындау жұмыстарын ұйымдастыру, шөп бағасын қадағалау үшін арнайы штаб құрылды. Сондай-ақ шаруа қожалықтарымен бағаны негізсіз көтермеу үшін арнайы меморандумдар жасалды.

Аудан бойынша мал азығын дайындау жұмыстарына 56 шөп бригадасы, 93 трактор, 157 шалғы, 47 тырма, 47 шөпбуғыш, 26 шөпкөтергіш, 80 тіркеме  жұмылдырылды.

2021-2022 жылдары қыс айларына мал басын шөппен қамтамасыз ету үшін 14 маусым және 8 тамыз аралығында екі айлық кезеңге 293100 тонна шөп дайындау міндеті қойылған болатын. Қазіргі таңда бұл жоспар 42,6 пайызға орындалып, дайындалған мал азығының көлемі 124900 тоннаны құрап отыр.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button