Жаңалықтар

Суға түсу маусымында сақ болайық!

Суға шомылу кезеңі басталғалы облыс аумағында 23 адам суға кеткен. Оның төртеуі — бала.

Былтыр осы кезеңде 17 адам суға батып, қайтыс болған. Оның үшеуі бала болатын. Азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті полиция қызметі мен Ақтөбе заң институтының қызметкерлері, ювеналды полицияның балалар инспекторлары, еріктілер күнделікті рейд іс-шараларын жүргізуде. Қазіргі таңда 52 мыңнан астам рейд жүргізіліп, онда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 364 және 440-бабы  бойынша 1280 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — делінген облыстық төтенше жағдайлар департаменті жіберген хабарламада.

Судағы қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға судағы қауіпсіздікті сақтауға, мас күйінде шомылмауды және балаларды ересектердің назарынан тыс қалдырмауды ескертеді.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button