Жаңалықтар

Депутат көмекшісі болғыңыз келе ме?

Мәслихат депутаттарымен бірлесе жұмыс жасап, жас депутаттардың резервіне өткіңіз келе ме? Ендеше Ақтөбе облысында қолға алынған «Мәслихат депутатының қоғамдық көмекшісі» байқауына қатысып, бағыңызды сынап көріңіз.

Облыстық жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы осындай қызық байқау жариялапты. Байқауға жасы 18-ге толған 29-дан аспаған облыс жастары қатыса алады.

— Бұл байқау біздің облыста биыл бірінші рет ұйымдастырылғалы отыр. Байқау қорытындысы бойынша облыстық, қалалық мәслихат депутаттарының әрқайсысына жеке көмекші бекітілетін болады. Олар депутаттардың мерзімі біткенше солармен бірге жұмыс жасайды. Негізгі мақсатымыз — жастардың қоғамдық, саяси жұмыстарға қызығушылығын арттырып, жергілікті мәслихаттарға білікті жас депутаттардың резервін даярлау, — дейді облыстық жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығының төрағасы Жандос Табылғанов.

Жеңімпаздарды анықтайтын арнайы комиссия құрылады. Жастардың түйіндемесі 31 шілде сағат 18.00-ге дейін jandos2@mail.ru немесе resurscentr_aktobe@mail.ru  эл. поштасы арқылы қабылданады. Қосымша ақпаратты 8 775 676 3075 байланыс телефоны арқылы алуға болады.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button