Жаңалықтар

«Baqytty bala»: 20 бала ақтық мәреге жолдама алды

7-11 тамыз аралығында Ақтөбе қаласында «BAQYTTY BALA» ашық балалар вокалдық конкурсы өтеді. Аталған байқау биыл облыс әкімдігінің қолдауы, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен «DimashAli» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдан бастап өткізіліп келеді. Басқарма басшысы Алтынай Юнисованың айтуынша, биыл конкурсқа қатысуға 200 бала өтінім берген. Оның 11-і шетелден. Солардың арасынан 20 бала ақтық мәреге жолдама алыпты.

Биылғы конкурстың тағы бір жаңалығы — байқауды «Хабар» арнасы толық түсіреді және Нұр-Сұлтан қаласында байқау  жеңімпаздарының қатысуымен концерт ұйымдастырмақ.  

Сонымен биылғы байқауға қатысатын жас дарындармен таныс болыңыздар!

  1. Кристина Душутина (Украина)
  2. Глотова Анна (Екатеринбург қ.)
  3. Захариева Елизабет (Болгария)
  4. Пономаренко Милана (Москва)
  5. София Салвариду (Греция)
  6. Юлианна Китова (Польша)
  7. Гасанзаде Искендер (Азербайджан, Баку қаласы)
  8. Нұржанова Ақнұр (Нұр-Сұлтан қаласы)
  9. Кунадилова Адель (Нұр-Сұлтан қаласы)
  10. Есет Алжан (Нұр-сұлтан қаласы)
  11. Газизқызы Камила (Нұр-Сұлтан қаласы)
  12. Тян Тимур (Қызылорда қаласы)
  13. Махинур Турсунова (Алматы қаласы)
  14. Заушева Айлун (Тараз қаласы)
  15. Мусина Дильнара (Ақтөбе қаласы)
  16. Курбанова Амина (Атырау қаласы)
  17. Саакян Армен (Ақтау қаласы)
  18. Хамзин Алинур (БҚО)
  19. Мейрамбек Шалқарбай (Түркістан облысы)
  20. Қыстаубай Ислам (Ақтөбе қаласы)

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button