Жаңалықтар

«Дарын» сыйлығына байқау жарияланды

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жариялайды. Құжат қабылдау 2021 жылғы 10 тамызға дейін жалғасады.

Байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» атты  10 номинация бойынша өтеді.

Сыйлық алуға Қазақстан Республикасының 29 жасқа дейінгі халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен түрлі шаралардың лауреаттары, спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары үміткер бола алады.

«Дарын» жастар сыйлығын алуға кандидатураларды ұсынуды мемлекеттiк органдар, шығармашылық ұйымдар, қоғамдық бiрлестiктердің өкілдері жүргiзедi.

Құжаттар Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі  (қағаз нұсқасы) келесі мекенжай бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты (14-кіреберіс), 8/7172/74-05-25, 8/7172/74-18-43 (8-701-170-46-54) және (электрондық нұсқа) premiya.daryn@gmail.com эл.пошта арқылы қабылданады.

Толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтындағы (qogam.gov.kz) «Жастар саясаты» бөлімінде қарауға болады.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button