Жаңалықтар

Зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жүргізіледі

Ауа райының қолайсыздығына байланысты (жауын-шашынның көп болуы және жоғары температура) облыстың кейбір аудандарында шалғынды көбелек жұлдызқұрттарының жаппай таралуы байқалуда.

Бұл зиянкестердің жаппай көбеюі шамамен 8 немесе 10 жылда бір рет болады.

«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 20-бабына сәйкес, қызметі мемлекеттік фитосанитарлық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар өз қаражаты есебінен зиянды, бюджет қаражаты есебінен аса қауіпті зиянды организмдерге іс-шаралар жүргізуге міндетті.

Осыған байланысты шалғынды көбелек жұлдызқұрттары таралған барлық ауыл шаруашылығы құрылымдарына Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген жанаспалы-ішек инсектицидтерімен (зиянкестердің денесінің қаптамасы арқылы және олардың қоректенуі кезінде ас қорыту жолдары арқылы өту қабілеті) химиялық өңдеу жүргізу ұсынылады.

Бұл ретте зиянкестерге қарсы инсектицидті пайдаланған шаруашылықтарға препараттардың құнын 50 пайыз арзандату түрінде субсидиялау көзделген.

А.БОЛАТБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button