Ресми

Шаруа қожалықтары арнаулы салық режимін қолдана алады

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн Қазақстан Республикасының аумағында жекеменшік және (немесе) жерді пайдалану (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) құқығында жер учаскелері бар, қосымша құн салығын төлеушілер болып табылмайтын (Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің 702-бабына сәйкес) шаруа немесе фермер қожалықтары қолдануға құқылы.

Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолдану мақсатында жекеменшік және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жиынтық алаңы: 1-аумақтық аймақ — 5 000 га; 2-аумақтық аймақ — 3 500 га; 3-аумақтық аймақ — 1 500 га; 4-аумақтық аймақ — 500 га болып белгіленген жер учаскесінің шекті алаңының көлемінен аспауға тиіс.

Әрбір аумақтық аймақтағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің алаңы белгіленген жер учаскесінің шекті алаңының мөлшерінен аспауға тиіс: Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі бірыңғай жер салығын төлеу негізінде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібін көздейді және акцизделетін тауарларды өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, шаруа немесе фермер қожалықтарының ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімін өткізу және қайта өңдеу, осындай қайта өңдеу өнімдерін өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.

Арнаулы салық режимін қолдану үшін салықтық кезең — күнтізбелік жыл болып есептеледі.

Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін акцизделетін тауарларды өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, салықтық кезеңде ауыл шаруашылығы өнімін, өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу өнімдерін өткізуден алған кіріс салық салу объектісі болып табылады.

Бірыңғай жер салығын есептеуді есепті салықтық кезең үшін салық салу объектісіне 0,5 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану арқылы салық төлеуші дербес жүргізеді.

Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер салық және бюджетке төленетiн жеке табыс салығын; арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын және (немесе) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны; көлiк құралдары салығын; мүлiк салығын; әлеуметтік салықты; қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақыны қоспағанда, басқа салықтар бойынша салық міндеттемелерін пайдалану жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Бірыңғай жер салығын, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны төлеу мынадай тәртіппен: салықтық кезеңнің 1 қаңтарынан бастап 1 қазанына дейін есептелген сомаларды төлеу — осы жылғы салықтық кезеңнің 10 қарашасынан кешiктiрілмейтін мерзімде; салықтық кезеңнің 1 қазанынан бастап 31 желтоқсанына дейін есептелген сомаларды төлеу — есепті салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнің 10 сәуірінен кешiктiрілмейтін мерзімде жүргiзiледi.

Бірыңғай жер салығын бюджетке төлеу жер учаскесі тұрған жер бойынша жүргізіледі.

Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация жер учаскесі тұрған жердегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнің 31 наурызынан кешіктірілмеу ұсынылады.

 Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button