Әкімдер сайлауы

САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР ҚАТАҢ САҚТАЛУДА

Жұпар ҚАБАҚБАЕВА,
Хромтау ауданы Қопа ауылы №460 сайлау учаскесінің бақылаушысы:

САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР ҚАТАҢ САҚТАЛУДА

— Сайлауда дауыс берушілердің белсенділігі жоғары. Сайлау учаскелерінде санитарлық талаптар қатаң сақталуда. Сайлауға келгендер арнайы тексеруден өтіп жатыр. Дауыс берушілердің барлығы маска таққан, арнайы мамандар келушілердің дене температурасын өлшеп, ара қашықтықтың 1,5 метрден жақын болмауын қадағалап жүр.
Сайлау заң аясында өтіп жатыр. Әзірге тәртіпсіздік және заңбұзушылық жағдайы болған жоқ.
Учаскеде сайлауға қатысып жатқан барлық партияның бақылаушылары отыр. Сайлау барысын бақылайтын бақылаушылар пандемияға байланысты барлық санитарлық талаптардың сақталғанын қадағалуда.
№460 сайлау учаскесінде жалпы саны 455 сайлаушы тіркелген. Таңертеңгі сағат 7.30-да 20 сайлаушы дауыс берсе, сағат 12.00-де 187 адам өз таңдауын жасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button