Әкімдер сайлауы

16 889 АДАМ ДАУЫС БЕРГЕН

16 889 АДАМ ДАУЫС БЕРГЕН

Облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Шыңғыс Нұржігіт 25 шілдедегі сағат 13.30-дағы жағдай бойынша облыста ауыл әкімдерін сайлауда 16 889 адам дауыс бергенін айтып берді.
— Аумақтық сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 13.30-дағы жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 52,7 пайызы алды. Яғни 16 889 адам сайлауда дауыс берді. Қазір аудандар ішінде сайлаушылардың саны жағынан Шалқар ауданы (76,2 пайыз) алда тұр, — деді ол.
Оның айтуынша, бұл көрсеткіш бойынша 2-орында Қарғалы ауданы (74,6 %) болса, 3-орында — Ойыл ауданы (61,8 %) .

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Back to top button