Жаңалықтар

Тууды тіркеу туралы өтініш бергіңіз келсе…

Сәбидің дүниеге келуі – әр отбасындағы маңызды және қуанышты сәт. Баланың тууын тіркеп және туу туралы куәлікті алудың тез және тиімді жолы –  «электрондық үкімет» порталы арқылы арыз беру.

«www.egov.kz» порталы арқылы баланың тууын тіркеуге өтініш берудің келесідей қадамдық нұсқасын ұсынамыз:

1-қадам. «www.egov.kz» Электрондық Үкімет порталында тіркелу қажет, егер Сіз тіркелген болсаңыз, ЖСН мен жасырын сөзді немесе ЭЦҚ пайдаланып авторизациядан өту қажет;

2-қадам. Электрондық Үкіметтің басты бетінде «Отбасы» парағына кіріңіз;

3-қадам. «Бала» парағына өтіп, «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбалар өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» қызметін таңдаңыз;

4-қадам. Парақшаның оң жағындағы үстіңгі бұрышында «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз;

5-қадам. Өтініш бланкісі шығады, мұнда қызыл түспен белгіленген жолдар міндетті түрде толтырылуы қажет. Өтініштегі ең бірінші толтырылатын терезе – арыз берушінің тұрғылықты облысы, мысалы, «Ақтөбе облысы». Келесі – өтініш жіберілетін АХАТ бөлімін таңдаймыз (Ақтөбе қаласында – «Ақтөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ), сосын өтініш берушінің байланыс телефонын көрсетеміз.

Өтініштегі келесі қадам – баланың ата-анасы туралы мәліметтерді толтыру, мұнда қызыл түспен белгіленген және толтырылуға міндетті болып келетін барлық жолдарды толтырамыз. Баланың ата-анасы туралы барлық жолдарды толтырғаннан кейін, «Бұдан әрі» батырмасын басу қажет. Сізді өтініштің «Бала туралы мәлімет» деген келесі кезеңіне аударып жібереді. Бұл кезеңде автоматты түрде медициналық мекемеде толтырылған баланың туу туралы медициналық анықтамасындағы мәліметтер шығады, яғни жынысы, туған күні, туылған мекеменің атауы. Одан кейін баланың деректерін толтырамыз: оған берілетін тегін, атын, әкесінің атын.

Барлық қажетті жолдарды толтырғаннан кейін «Одан әрі» батырмасын басамыз,

сізді келесі «Қол қою» кезеңіне аударып жібереді.

6-қадам. Бұл кезеңде өтінішті өзіңіздің электронды цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) немесе біржолғы жасырын сөзбен бекіту қажет. Осымен, Сіз онлайн-тәртіпте баланың тууын тіркеуге электронды өтініш беруді ойдағыдай аяқтадыңыз.

Берілген өтініштің мәртебесін Сіз менюдың оң жаңындағы жоғары бұрышта орналасқан «Қызметтер алу тарихында» қарай аласыз. Яғни өтінішке қол қойғаннан кейін ол көрсетілген АХАТ бөліміне түседі. АХАТ бөлімі Сіздің электронды өтінішіңізді қабылдап, тіркегеннен кейін Сізге автоматты түрде баланың туу туралы куәлігі қашан дайын болатыны, АХАТ бөлімінің мекенжайы көрсетілген хабарлама келіп түседі.

Хабарламада көрсетілген күні Сіз АХАТ бөлімінен баланың дайын туу туралы куәлігін алып кете аласыз. Алуға келгенде арыз беруші өзімен бірге: баланың туу туралы медициналық куәлігінің түпнұсқасы және жеке куәлігіңіз болу қажет(ата-анасы немесе біреуі).

Қосымша ақпараттарды алу үшін Әбілқайыр хан даңғылы, 88 мекенжайы бойынша «Неке сарайы» ғимаратының 2-қабатында орналасқан «Ақтөбе қалалық АХАТ бөлімі» ММ-іне жолығуға болады. Байланыс телефон: 8 (7132) 418-003, 418-006, инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасы: rags_gorod_aktobe.

Басқа жаңалықтар

Back to top button