Жаңалықтар

Білім беру: екі жоба жүзеге асырылады

Облыстық мәслихат депутаттары облыстық білім басқармасының мемлекеттік

әлеуметтік тапсырыстың қаражатына жүзеге асырып жатқан жобаларын талқылады.

Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан жобаларды жүзеге асырудағы жұмыстар туралы баяндады.

Атап айтқанда, ол 2019-2021 жылдары мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жобаларға 8 миллион теңге бөлінгенін хабарлады.

2019 жылы бөлінген қаражатты игеруде қиындықтар туындағанын атап өткен Жолдас Батырхан Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің ұсынымы негізінде мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурс жеңімпазымен келісімшарт бұзылғанын, осыған байланысты бөлінген қаражатты игеру тиімсіз болған соң

қайталама конкурс жүзеге асырылмағанын түсіндірді.

  • Өткен жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы облыс балаларының құқықтық қорғалу деңгейін анықтау бойынша әлеуметтік зерттеу жобасы іске асырылды. Жобаны «Қазақстанның болашағы үшін жастар қозғалысы» қоғамдық бірлестігі жеңіп алып, іске асырды, — деді Жолдас Батырхан. — Әлеуметтік сауалнама облыстың 12 ауданы мен Ақтөбе қаласында жүргізілді. Осы жылы басқарма 2 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр, оған «Қызға қырық үйден тыйым» тренинг-кездесулерін, сынып жетекшілеріне арналған тақырыптық семинар-тренингтерді, психологтың көмегіне мұқтаж оқушылармен жеке кездесулер және басқа да іс-шараларды өткізу кіреді. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.

Отырыс соңында депутаттар баяндамашыға бірқатар сұрақтар қойып, тиісті қаулы қабылдады.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Back to top button