Әкімдер сайлауы

Екі ауылда өтеді

Ойыл ауданының Көптоғай, Саралжын ауылдық округі әкімдерін сайлау 25 шілдеде өтеді.

Қос округтен алты үміткер құжаттарын тапсырды.  «Ақжол» демократиялық партиясы, «Адал» саяси партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясынан бір адамнан үміткер болса, 1 адам өзін-өзі ұсынған. Қалған екі үміткер Nur Otan партиясы атынан түседі.

Аудан бойынша 8 сайлау учаскесі бар. Қазіргі таңда барлық үміткерлердің сәйкестігі анықталып, шілденің 9-ына дейін құжаттарын тіркеп болады.

Аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының айтуынша, 2217 сайлаушылардың тізімі сайлау учаскелеріне бөлініп берілген. Сайлаудың ерекшелігі, барлық үміткерлердің құжаты аумақтық сайлау комиссиясы арқылы тексеріледі. Сайлаушылар үшін бюллетеньде  «барлық үміткерге қарсымын» деген нұсқа бар.

Диас ӘБІЛҚАДЫРОВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button