Әкімдер сайлауы

Мемлекет жауапкершілікті халықпен бөлісіп жатыр- Самат Нұртаза

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Саясаттанушы Самат Нұртаза Қазақстандағы ауыл әкімдерін сайлаудағы жаңашылдықты қолдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Мемлекет жауапкершілікті халықпен бөлісіп жатыр.
«Мысалы, бұрын ауылға облыстан немесе Астанадан бір әкімді жіберетін, яғни ауыл тұрғындары қаласа да, қаламаса да сол адам әкім болатын. Ол адам ауылдың жағдайын біле ме, білмей ме бұл жағы ескерусіз қалатын. Қазір жағдай өзгерді.
Енді ауыл халқы өздерінің ішінен әкім сайлап ала алады. Ертең сол адам қызметін тиісті деңгейде алып жүре алмаса, онда ауыл адамдары билікке ренжи алмайды. Яғни, ауыл әкімдерін сайлау- биліктің халықпен жауапкершілікті бөлісуі»,-дейді Самат Нұртаза.
Сонымен қатар, ол сайланған әкімдердің бір пайызы жұмысын алып кете алмаса, бәріне күйе жағылатынын атап өтті.
«Статистика жүгінер болсам, Қазақстанда 770-тен астам ауыл бар екен. Біз бәріне дайын болуымыз керек. Егер сайланған әкімдердің 99 пайызы жұмыс істеп кетіп, қалған бір пайызы өзіне жүктелген міндетті алып жүре алмаса, жемқорлықпен ұсталса, онда күйе бәріне жағылады. Сондықтан, сайланатын әкімдерге артылатын жүк ауыр»,- дейді сарапшы.
Спикер ауыл әкімдерін сайлаудағы жаңашылдықты қолдайтынын атап өтті. «Дұрыс жоба, дұрыс қадам. Ауыл әкімдері сайлануы керек, аудан әкімдері сайлануы керек. Мені бірақ бір нәрсе мазалайды, ол- рушылдық. Біздің қоғамда өкінішке орай ол бар.
Сондықтан сайланатын адамның биографиясы мен географиясына емес оның іскерлігіне қарау керек»,-деп қортындылады ол.
Еске салсақ, 25 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау туралы Конституциялық заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздейтін құжатқа қол қойған болатын.
Ұлттық экономика министрлігі ауыл әкімерін тікелей сайлау қалай өтетіндігін және ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин әкім сайлауына түсетін кандидаттарға қойылатын талаптардың себебін түсіндірді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button