Әкімдер сайлауы

Сарапшы: Ауыл әкімдерін сайлау – Қазақстандағы жаңа саяси тәжірибе

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ауыл әкімдерін сайлау науқанына қатысты Қазақстандық қоғамдық даму институты сарапшы-менеджері Дина Айкенова өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарапшының айтуынша, ауыл әкімдерін сайлау – бұл Қазақстандағы жаңа саяси тәжірбие. Бұл кандидаттарды іріктеу өзін-өзі ұсыну негізінде, саяси партиялар мүшелер арасынан және аудан әкімінің ұсынысы бойынша жергілікті халықпен кеңескеннен кейін жүзеге асырылады.
«Кез келген сайлау – бұл қоғамда қордаланған мәселелер жиынтығын шешуге бағытталған.
Ауыл әкімдерін сайлаудағы жаңашылдық келесі нәтижелерге қол жеткізуге мұмкіндік береді: тұрғындар өз ұсыныстары мен қиындықтарын айта алады; сайлау арқылы жергілікті деңгейде билікке деген сенім артады; аймақтық саяси элитаның жаңаруы болады.
Сонымен қатар, ол әкім қызметінің тиімділігі оның халық арасындағы дәрежесіне байланысты болатынын атап өтті. «Азаматтардың жоғарыдан тағайындалған әкімден бас тартуы оның жұмыс істеуіне, дәлірек айтсақ, ауылда болмауы немесе оның шығу тегін сынға алумен қатар жүреді.
Бұл сайлауда болашақ әкімнің беделі маңызды. Үгіт-насихат кезеңінде үміткерлердің ауылды дамыту бағдарламасын айтпағанда, – деп түсіндірді Дина Айкенова.
Еске салсақ, 25 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау туралы Конституциялық заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздейтін құжатқа қол қойған болатын.
Ұлттық экономика министрлігі ауыл әкімерін тікелей сайлау қалай өтетіндігін және ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин әкім сайлауына түсетін кандидаттарға қойылатын талаптардың себебін түсіндірді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button