Жаңалықтар

Облысқа жаңа бас имам келді

Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Серікжан Еншібайұлы біздің облысқа бас имам болып тағайындалды.

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітініңбаспасөз қызметі хабарлағандай, мешітке жиналған жамағатқа жаңа бас имамды ҚМДБ-ның дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет таныстырды. Ол жұртшылыққа Бас мүфтидің ыстық ықыласы мен сәлемін жеткізіп, жаңадан тағайындалған бас имамның алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Ақтөбелік жамағат атынан облыстың бұрынғы бас имамы Төлеби Оспанның иығына шапан жабылып, Алғыс хат табысталды. Төлеби Оспан Алматы қаласының бас имамы қызметіне ауысты.

Ал Серікжан Еншібайұлын ақтөбеліктер жақсы біледі, ол 2012-2015 жылдары облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы, одан соң 2016-2017 жылдары Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы болып қызмет етті. 

Серікжан Еншібайұлы — халықаралық Қазақ-араб университетін дінтанушы және араб тілі пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша үздік бітірген, одан соң әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті магистратурасын үздік бітірген білікті маман.

 Айна САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button