Жаңалықтар

Қаһарман қыз — Әлия

«Қобда, Нева суларын сүйіп өскен…». 15 маусым күні Кеңес  Одағының  Батыры  Әлия Молдағұлованың туған күніне орай ұйымдастырылған шара осылай аталды.

Алдымен қаһарман қыздың атындағы даңғылда орналасқан ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Салтанатты түрде өткен жиынға облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова қатысты. Сондай-ақ  батырдың туыстары, облыстық ардагерлер кеңесі, «Жауынгерлік бауырластық» қоғамдық қорының мүшелері жиналды.

Шара барысында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова қазақтың қаһарман қызының қайталанбас ерлігі туралы әңгімелеп, оның есімі ел жадынан өшпейтінін жеткізді.

Жиынның мақсаты — жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу, қан майданда бейбіт тірлігіміз үшін ерлік көрсеткен майдангерлерді мәңгі есте сақтап, оларды  құрметтеуге, қадірлеуге тәрбиелеу. Сондай-ақ өз елінің тарихын білуге  деген қызығушылығын арттыру, — дейді Ә.Молдағұлованың мемориалды музейінің бас қор сақтаушысы Айсұлу Тұралиева.

Батырдың туған күніне арналған шара Ақтөбе қаласында орналасқан мемориалды музейде және туған жері Қобда ауданында жалғасты.

Г.БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button