Басты жаңалықтарСпорт

Он алтыншы дода

ЕУРО-2020

Сонымен, ертең, 11 маусымда футболдан ХVІ Еуропа чемпионаты басталады. Бұл дода Түркия мен Италия құрамаларының кездесуімен басталады.

Негізі, бұл чемпионат өткен жылы өтуі керек болатын. Бірақ әлемді шарлаған індетке байланысты биылға ауыстырылғаны мәлім.

Ең алдымен, қай елдің ұлттық командалары қай топта бәсекеге түсетінін зерделеп өтелік.

«А» ТОБЫ: 

Түркия

Италия

Уэльс

Швейцария

11 маусым, жұма. Рим, 24.00. Түркия — Италия.

12 маусым, сенбі. Баку. 18.00. Уэльс — Швейцария.

16 маусым, сәрсенбі. Баку, 21.00. Түркия — Уэльс.

16 маусым, сәрсенбі. Рим, 24.00. Италия — Швейцария.

20 маусым, жексенбі. Баку. 21.00. Швейцария — Түркия.

20 маусым, жексенбі. Рим, 21.00. Италия- Уэльс.

 

«В» ТОБЫ:

Дания

Финляндия

Бельгия

Ресей

12 маусым, сенбі. Копенгаген, 21.00. Дания — Финляндия.

12 маусым, сенбі. Санкт-Петербург, 24.00. Бельгия — Ресей.

16 маусым, сәрсенбі. Санкт-Петербург, 18.00. Финляндия — Ресей.

17 маусым, бейсенбі. Копенгаген, 21.00. Дания — Бельгия.

21 маусым, дүйсенбі. Копенгаген, 24.00. Ресей — Дания.

21 маусым, дүйсенбі. Санкт-Петербург. 24.00. Финляндия — Бельгия.

 

«С» ТОБЫ: 

Нидерланды

Украина

Австрия

Солтүстік Македония

13 маусым, жексенбі. Бухарест, 21.00. Австрия — Солтүстік Македония.

13 маусым, жексенбі. Амстердам, 24.00. Нидерланды — Украина.

17 маусым, бейсенбі. Бухарест, 18.00. Украина — Солүстік Македония.

17 маусым, бейсенбі. Амстердам, 24.00. Нидерланды — Австрия.

21 маусым, дүйсенбі. Амстердам, 21.00. Солтүстік Македония — Нидерланды.

21 маусым, дүйсенбі. Бухарест, 21.00. Украина — Австрия.

 

«D» ТОБЫ: 

Англия

Хорватия

Шотландия

Чехия

13 маусым, жексенбі. Лондон, 18.00. Англия — Хорватия.

14 маусым, дүйсенбі. Глазго, 18.00. Шотландия — Чехия.

18 маусым, жұма. Глазго, 21.00. Хорватия — Чехия.

18 маусым, жұма. Лондон, 24.00. Англия — Шотландия.

22 маусым, сейсенбі. Глазго, 24.00. Хорватия — Шотландия.

22 маусым, сейсенбі. Лондон, 24.00. Чехия — Англия.

 

«Е» ТОБЫ: 

Испания

Швеция

Поль­ша

Словакия

14 маусым, дүйсенбі. Санкт-Петербург, 21.00. Польша — Словакия.

14 маусым, дүйсенбі. Севилья, 24.00. Испания — Швеция.

18 маусым, жұма. Санкт-Петербург, 18.00. Швеция — Словакия.

19 маусым, сенбі. Севилья, 24.00. Испания — Польша.

23 маусым, сәрсенбі. Севилья, 21.00. Словакия — Испания.

23 маусым, сәрсенбі. Санкт-Петербург, 21.00. Швеция — Польша.

 

«F» ТОБЫ: 

Венгрия

Португалия

Франция

Германия

15 маусым, сейсенбі. Будапешт, 21.00. Венгрия — Португалия

15 маусым, сейсенбі. Мюнхен, 24.00. Франция — Германия.

19 маусым, сенбі. Будапешт, 18.00. Венгрия — Франция.

19 маусым, сенбі. Мюнхен, 21.00. Португалия — Германия.

23 маусым, сәрсенбі. Будапешт, 24.00. Португалия — Франция.

23 маусым, сәрсенбі. Мюнхен, 24.00. Германия — Венгрия.

Міне, осы кезеңдегі ойындардың қорытындысы бойынша бірінші және екінші орын алған 12 команда, сондай-ақ неғұрлым үздік көрсеткіштермен үшінші орынға шыққан 4 команда плей-офф кезеңіне шығады.

1/8 ФИНАЛ ОЙЫНДАРЫ

26 маусым,сенбі. Амстердам, 21.00. 1. 2А — 2В

26 маусым, сенбі. Лондон, 24.00. 2. 1А — 2С

27 маусым, жексенбі. Будапешт, 21.00. 3. 1С — 3D/E/F

27 маусым, жексенбі. Севилья, 24.00. 4. 1В — 3A/D/E/F

28 маусым, дүйсенбі. Копенгаген, 21.00. 5. 2D — 2Е

28 маусым, дүйсенбі. Бухарест. 24.00. 6.1F — 3A/B/C

29 маусым, сейсенбі. Лондон, 21.00. 7. 1D — 2F

29 маусым, сейсенбі. Глазго, 24.00. 8. 1Е — 3А/В/С/D

ШИРЕК ФИНАЛ

2 шілде, жұма. Санкт-Петербург, 21.00. 1. Жеңімпаз 5 — Жеңімпаз 6.

2 шілде, жұма. Мюнхен, 24.00. 2. Жеңімпаз 3 — Жеңімпаз 1.

3 шілде,  сенбі. Баку, 21.00. 3. Жеңімпаз 4 — Жеңімпаз 2.

3 шілде, сенбі. Рим, 24.00. 4. Жеңімпаз 7 — Жеңімпаз 8.

 ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛ

6 шілде, сейсенбі. Лондон, 24.00. 1. Жеңімпаз 2 — Жеңімпаз 1.

7 шілде, сәрсенбі, Лондон, 24.00. 2. Жеңімпаз 4 — Жеңімпаз 3.

ФИНАЛ

11 шілде, жексенбі. Лондон, 24.00. Жеңімпаз 1 — Жеңімпаз 2.

ЖҮЛДЕ ҚОРЫ

1-орын үшін — 10 миллион евро;

2-орын үшін — 7 миллион евро;

Жартылай финалға шыққандарға — 5 миллион евродан;

Ширек финалға шыққандарға — 3,25 миллион евродан;

1/8 финалға шыққандарға 2 миллион евродан тапсырылады.

Ал топтық кезеңде жеңіс үшін 1,5 миллион евро, тең ойнағандарға 750 мың евродан беріледі.

Бұл додаға қатысқан әрбір құрама 9,25 миллион евроға ие болады.

ТУРНИРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Бұл ХVІ Еуропа чемпионаты биыл өткенімен тарихта «Еуро-2020» деген атаумен қалады. Яғни әуелде қабылданған атауы өзгермейді. Жалпы дәстүрлі Еуропа чемпионатының өту мерзімі төтенше жағдайға байланысты тұңғыш рет ауыстырылып отыр.

Футболдан өткізілген алғашқы Еуропа чемпионатының 60 жылдығына байланысты бұл доданы Еуропаның 11 ірі қаласында өткізу туралы шешім қабылданды. Дегенмен бұл тек бір мерзімдік акция екенін еске саламыз. Келесі 2024 жылғы чемпионат бұрынғы формат бойынша ұйымдастырылады.

Еуропа чемпионаты барысында алғаш рет VAR жүйесі қолданылады.

Әр елдің ұлттық құрамасы сапында жасыл алаңға бұрынғыдай 23 футболшы емес, 26 футболшы шыға алады. Әр кездесу барысында бес ойыншыны алмастыруға болады. Егер ойын қосымша уақытқа ұласса, алтыншы футболшыны да алмастыруға рұқсат етіледі.

ДЕРЕКТЕР

Футбол білгірлері, танымал бапкерлер мен атақты футболшылар, мамандар биыл негізінен Франция құрамасы чемпион болады деген пікірге құлап отыр. Дегенмен…

Дегенмен жанкүйерлер 2004 жылғы чемпионатта Грекия құрамасы чемпион болған сенсацияны ұмыта қоймаған болар. Өйткені букмекерлер Грекияның мүмкіндігін сексеннің біреуіне (80=1) ғана балаған болатын. Жанкүйерлер де жарқылдап көзге түсе қоймаған бұл құраманы ескерусіз қалдырған еді. Сөйткен Грекияңыз «асықпаған арбамен қоянға жетедінің» бос нақыл емес екендігін дәлелдеп, финалда турнир қожайыны Португалияны 1:0 есебімен ұтып, айды аспанға шығарған. Және бір қызығы, неміс Отто Рехагель бапкерлік жасаған бұл гректер плей-офф кезеңіндегі төрт ойында да осы 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Ал, ең берідегі мысалға келсек, 2016 жылғы чемпионатта топтық кезеңнен 3 ұпаймен плей-офф кезеңіне әзер өткен Португалия одан соң қарсыластарын біресе қосымша уақытта, біресе пенальти арқылы қинала ұтып келіп, финалда алаң қожайыны Францияны қосымша уақытта, алаңға 79-минутта шыққан Эдердің арқасында 109-минутта сүріндіргені де (1:0) жадымызда тұр.

Ал Еуропа чемпионы болған ұлттық құрамалардың толық тізімі мынау:

Германия — 3 рет (1972, 1980, 1996);

Испания — 3 рет (1964, 2008, 2012);

Франция — 2 рет (1984, 2000);

КСРО — 1 рет (1960);

Италия — 1 рет (1968);

Чехословакия — 1 рет (1976);

Нидерланды — 1 рет (1988);

Дания — 1 рет (1992);

Грекия — 1 рет (2004);

Португалия — 1 рет (2016).

Әзірлеген Е.АҚАТҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button