Мереке

Құрметті ақтөбеліктер!

Сіздерді облыстық мәслихаттың барша депутаттары және мәслихат аппаратының қызметкерлері атынан құтты шаһарымыздың төл мерекесі — Ақтөбе күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Осы жылы кең-байтақ еліміздің батыс өңірінің орталығы атанған, сүйікті қаламыз 152 жылдығын атап өтуде. Бір кездері бекініс болып құрылған шағын қалашық бүгінде Республиканың ең үлкен және қарқынды дамып келе жатқан, көркіне көз тоймайтын, еліміздің дамуы мен экономикасына зор үлесін қосып отырған ірі қалаларының бірі болды. 152 жыл ішінде Ақтөбе есімдері көпшілікке танылған көптеген азаматтарды өсірді. Бүгінгі күнде де біздің жерлестеріміз сан түрлі салада биік жетістіктерге жетіп, қаламыздың игі есімін танытуда. Ақтөбе азаматтары өз байсалдылығымен, білімділігімен және әдептілігімен ерекшеленеді. Осының бәрі бұл өлкенің қасиеттілігінің белгісі деп білемін.

Қадірменді жерлестер! Көрнекті ғұлама әл-Фараби бабамыз айтқандай ізгі қаланың халқы мейірімді, бақуатты тұрмыс кешуге лайық. Сол себепті осындай қуанышты күнді пайдалана отырып, Сіздерге таза көңілімнен шыққан ізгі ниетімді білдіре отыра, бақытты да баянды ғұмыр, жемісті де жеңісті күндер, қажымас қайрат, талмас талап-жігер тілеймін.

Қаламыз өсіп, өркендей берсін!

Игі тілекпен,

Ақтөбе облыстық          

мәслихатының хатшысы                                   Амангелді НҰҒМАНОВ.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button