Басты бет » Ресми » «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу туралы

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы өткізіледі.

Байқаудың мақсаты — отбасы институтын нығайту, балаларды тәрбиелеуде ата-ананың жауапкершілігін арттыру, отбасы құндылықтарын кеңінен насихаттау, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау болып табылады.

Конкурс ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 қаулысымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына сәйкес (ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №306 қаулысымен егізілген өзгерістерімен қоса) жүзеге асырылады.

Конкурс 2 кезеңде өтеді: бірінші кезең — қалалық, екінші кезең — облыстық.

Қатысуға өтінім төмендегі құжаттармен бірге беріледі:

1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

5) балаларды тәрбиелегені үшін алған мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

6) балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;

7) ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);

8) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

9) қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;

10) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.

Конкурсқа қатысуға өтінім беру үшін құжаттар түпнұсқамен тапсырылуы қажет.

Конкурсқа қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар және бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.

Байқауға қатысу үшін өтінім мен құжаттар «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-де қабылданады. Мекенжайы: Т.Ахтанов көшесі, 50-үй, 44-кабинет.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер тиісті құжаттар қоса тіркелген арнайы нысан бойынша қалалық комиссияларға 2021 жылғы маусымның 15-не дейін беріледі.

Қосымша толық ақпараттарды алу үшін 41-63-86 байланыс нөміріне хабарласуға болады.

Ақтөбе қаласының әкімдігі.